Қарағанды облысындағы ауруханаға қажетті аппараттар мен дәрі-дәрмектер Ерлан Нығматуллин мен Давид Кемертелидзенің көмегімен жеткізілді.
Qaz Carbon және YDD CORPORATION зауыттарының үлескерлері өз қаражаттарына Түркиядан адам өмірін сақтау үшін маңызды қажеттіліктерді сатып алып, аймақтағы ауруханаға берді. Ерлан Нығматуллин мен оның грузиялық серіктесі ауруханаға 100 оттегі концентраторын жеткізген. Айта кетсек, аталған аппараттар – Түркия өндірісінен шығып, қазір барлық Еуропаны қамтамасыз етіп тұрған жабдықтар.
Бұдан бөлек, пульсоксиметрлер мен «Эноксапарин» дәрісі аурухана құзырына берілді. Бұл дәрі – коронавирус инфекциясын жоюға тікелей әсер ететін препарат.
«Меніңше, осындай қиын кезеңде бизнес мемлекетті қолдауы тиіс. Сондықтан, біз алдыңғы қатарда күресіп жүрген дәрігерлерді қолдауды парыз деп санаймыз. Қиындықтың бәрі артта қалып, дағдылы өмірімізге қайта оралуды тілеймін», - деді Ерлан Нығматуллин.
«Осындай ауыр кезеңде дәрігерлердің иығына жүк түсті. Адам ретінде, инвестор ретінде жағдайға сырттан қарап қала алмадым, сондықтан Қазақстандағы коронавируспен күреске үлес қосқым келді. Біздің көмегіміз адамдардың өмірін сақтауға пайда тигіеді деп ойлаймын», - деді шетелдік инвестор Давид Кемертелидзе.
Аталған көмектің арқасында Қарағанды ауруханасы қосымша жан сақтау орындарын көбейтіп, науқастарды емдеудегі мүмкіндіктері арта түспек.