Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров күз және қыста науқастардың саны өсуі мүмкін екенін айтты.
"Қазір біз күз, қыс маусымдарына дайындалып жатырмыз. Бірқатар сарапшының пікірінше, күз, қыс айларында коронавирус жұқтырған науқастардың саны өсуі мүмкін. Сондықтан біздің бүгінгі мақсатымыз - тиісті қорды қалыптастыру. Оның ішінде кадр мәселесі де бар", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, Алматы қаласының бас санитар дәрігері шаһарда коронавирус инфекциясының өршуінің 3 себебін атап, маска тақпаған 267 адамға айыппұл салынғанын айтқан еді.
Еске салайық, Алматыда 8 259 адам COVID-19 жұқтырды. 4 945 науқас дертінен айықса, 54 адам көз жұмды.