ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық студенттердің алдағы оқу жылында қашықтан оқуды жалғастыра беретінін мәлімдеді.
«Оқу қашықтан жүргізіледі. Дәстүрлі формат жеке студенттер үшін қажет болған жағдайда ғана рұқсат етіледі», - деді министр.
Оның айтуынша, еліміздегі колледж студенттері де жаңа оқу жылын қашықтан оқып бастайды.
«Ауылдарда орналасқан колледждер бар. Біз оларға барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі форматта сабақты бастауға рұқсат береміз», - деді Аймағамбетов.