Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері кешегі болған акция үшін жазаланады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.
«Менің ойымша, мұндай қиын уақытта дәрігерлерді тікелей міндеттерінен босату - қылмыстық әділетсіздік деп ойлаймын. Сот процестері аяқталғаннан кейін ол жауапқа тартылады», - деп уәде берді Қалқаманов.
Еске салайық, ғаламторда шымкенттік дәрігерлердің жолға қатар тізіліп коронавирус құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алған видеосы тарап кетті. Көптеген желі қолданушылары бұл әрекетті орынсыз деп санады.