Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова вирустық пневмониямен ауырған кезде антибиотиктерді шектес тыс қолданбау керектігін айтады.
"Мүмкіндікті пайдаланып айтып қалайын. Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді. Антибиотиктер - вирустың көбейіп кетпеуіне жол бермейтін препараттар. Себебі, COVID-19 - вирустық ауру. Сондықтан антибиотиктерді тағайындаудың мәні жоқ. Әсіресе, профилактикалық мақсатта", - дейді профессор орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда Сәуле Қасенова науқастардың қандай дәрілерді пайдаланып жатқанына тоқталды.
"Олар антибиотиктерді пайдаланып жатыр екен. Себебі, олар бір жерден естіген немесе оларға біреу айтқан. Кеше маған бір науқас келді. Ол антибиоктің 2 түрін қабылдап жүр екен. Науқас дәрілерді белгілі бір әдіспен ішіп, оны қайталаған. Мұны істеудің қажеті жоқ. Өйткені, бауырыңызға артық салмақ түседі", - деді медицина ғылымдарының докторы.
Дәрігер пневмония кезінде антибиоктерді шектен тыс қабылдамауға кеңес берді.
"Дәрігер ретінде айтайын, атипиялық пневмонияны антибиотиктермен емдеу дұрыс емес. Оны ішудің қажеті жоқ. Антибиоктермен емдеуге басымдық беруге болмайды. Вирустық пневмонияны емдеудің бұл әдісі сізді дерттен айықтырмайды. Егер сізге антибиотик тағайындау қажеттілігі туындаса, оны дәрігер-терапевт немесе пульмонолог-дәрігер шешеді. Оның арнайы көрсеткіштері бар", - деді ол.