Ақпаратты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
«Өкінішке орай, Қайрат Қажыманұлы бізді тастап кетті, толық ақпаратты кейінірек береміз», - деді департаменттің баспасөз қызметі.
Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысы Сарулен ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын гигиена, санитария және эпидемиология мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, ол Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан аймақтық университетінің заңгер дәрежесін алған.
2016 жылы Қайрат Қажыманұлы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастығы болды. 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметін атқарды. Содан кейін ол Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.