Алыпсатардың багажынан 17 мыңға жуық медициналық маска табылды
Көлік полициясы заңсыз сатылған 17 мыңға жуық медициналық масканы тәркіледі.
«Нұр Сұлтан» теміржол вокзалының автотұрағында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Көлік полициясының қызметкерлері заңсыз кәсіпкерлікке қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады.
Маскалардың жалпы саны 16 950 дана, бағасы 728 850 теңге болды, - деді Көлік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев.
Ер адамның айтуынша, ол бұл өнімді одан әрі сату үшін жарнама сайты арқылы сатып алған.
Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты заңнамаға сәйкес оны жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдануда.