Алматының 120 көшесінде жарық шамдары пайда болды
АЛМАТЫ. BAIRAQ.KZ - Алматының 120 көшесінде жарық шамдары пайда болды. Жыл соңына дейін Бостандық, Жетісу, Түрксіб және Алатау аудандарындағы 208 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматыда 1073 көшеде жарық шамдары жоқ. Қала шетіндегі 744 көшеге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу қолға алынды. Оны 2020-2021 жылдары іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мегополисте 217 көшені ішінара жарықтандыру шаралары іске асырылады. Келер жылы осы учаскелерді қосымша жарық шамдарымен қамту жоспарланды. Барлық аулаларда энергияны үнемдейтін жарық диодты шамдар қолданылады, бұл электр қуатын 15% үнемдейді. Бұдан басқа жарықдиодты шамдардың тағы бір артықшылығы, нысандарды анық көруге мүмкіндік береді.