Жаңа зерттеуге сәйкес, коронавирусты жұқтыру нәтижесінде иіс пен дәм сезуді жоғалтқандардың 90% -ында бұл бір ай ішінде қалпына келеді.
Итальяндық дәрігерлер анықтағанындай, пациенттердің 49% -ында иіс сезу немесе дәм сезу толығымен қалпына келген, ал 40% -да иіс пен дәм сезу толықтай оралмаса да, жақсарған. Алайда, 10% симптомдар өзгермеген, тіпті, нашарлаған.
Қазіргі пандемияны ескере отырып, сарапшылар мыңдаған адамдар үшін бұл белгілер ұзақ мерзімді болуы мүмкін деп ескертеді.
Дәм мен иіс қабылдаудың өзгеруі немесе олардың толық жоғалуы коронавирустың негізгі белгілерінің бірі ретінде танылады.
Британдық ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) дәрігерлері ұсынғанындай, осы белгілерді басынан кешіргендер отбасы мүшелерінен оқшауланып, коронавирусқа байланысты тексерілуі керек.
Осы зерттеу тобының құрамына кіретін Британдық ринологтар қоғамының президенті, доктор Клер Хопкинстің айтуынша, оның командасы қазіргі уақытта ұзақ мерзімді симптомдары бар адамдар өздерін қалай сезінетінін зерттеуді жалғастыруда.
«Тез қалпына келетіндерге коронавирус тек мұрын шырышты қабығының жасушаларына әсер етеді. Біртіндеп қалпына келе бастағандар үшін бұл вирустың иіс сезімін таратуға қатысатын жүйке талшықтарына әсер етіп жатқаны болуы мүмкін. Мұндай жүйке жасушаларының қалпына келуіне көп уақыт кетеді », - деді Клэр Хопкинс.