Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жақын арада коронавирус инфекциясына қарсы отандық препарат емдеу протоколына енетіні туралы айтты.
«Біз стационарлық емдеу жүйесін өзгерттік. Клиникалық протоколға жаңа препарат қостық. Бұл дәрі көрші елдерде және Жапонияда кеңінен қолданылып жатыр. Дәрі жақын арада қолымызға түседі және қолданысқа енеді. Аталмыш дәрі коронавирус инфекциясын жұқтырып ауыр жағдайда ауруханаға түскен науқастарға ғана қолданылады. Сонымен қатар, жақын арада сұранысты қанағаттандыру үшін отандық өнімге назар аудармақпыз», - деді ол.
Министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны да клиникалық сынақтан өткізу жоспарланып отыр екен.
«Біз шетелдік әріптестермізбен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл сынақ барысында халықты жаппай вакцинациялау мәселесі шешімін табады», - деді Цой.