НҰР-СҰЛТАН. BAIRAQ.KZ - Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтып берді деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.
А. Оспановтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бизнес-процестерді автоматтандыру, жаңғырту және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру есебінен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде.
Биылғы сәуір айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне 120-дан астам түзетулер енгізілді. Қазіргі уақытта жаңартылған Тізілімдегі мемлекеттік қызметтердің саны -740.
Мемлекеттік қызметтер тұрғындарға келесі форматта көрсетіледі: электрондық форматта - 532 қызмет (71,9%), қағаз форматта - 208 (28%), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 635 қызмет (85,58%).
«Егер мемлекеттік қызметтерді ұсынудың мүмкін арналары туралы айтатын болсақ, бүгінде электронды форматта қызметтер көрсету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу қажет. Біз бүгінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің барлық мүмкін арналарын қамтамасыз етеміз: «egov.kz» электрондық үкімет порталы, сондай-ақ Telegram-бот, мобильді қосымша, Мемлекеттік корпорация, мемлекеттік қызметтерді көрсету консультациялары мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы және т.б. сияқты мемлекеттің халықпен коммуникация арналары», — деді вице-министр.
«Egov.kz» электронды үкімет порталы арқылы тек бірінші жартыжылдықта 23,5 млн қызмет көрсетілді (2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында – 12,8 млн қызмет), өсім 182% құрады.
2019 ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 15 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бүгінгі күні Қазақстанда 329 ХҚКО бар, оның ішінде 23 арнайы ХҚКО (оның ішінде 16-сы автодромдармен жарақталған), 17 Цифрлық қызмет көрсету орталығы бар. Шалғай елді мекендердегі тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындау мақсатында қазір 70 мобильді топ жұмыс істейді.
Жыл басынан бері 74 қызмет бойынша бизнес-процестер оңтайландырылып, нәтижесінде келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді:
-
- қызмет көрсету мерзімін орта есеппен 10 күнге дейін қысқарту, бұрын қызмет көрсетудің орташа мерзімі 19 күнді құрады, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 есеге қысқарды;
-
- интеграция есебінен талап етілетін құжаттардың саны орта есеппен 3-4 құжатқа қысқарды, бұрын 5-6 құжат талап етілетін;
-
- 37 қызмет бойынша кеңсе арқылы баламалы қызмет көрсету алынып тасталды;
-
- жаңа 17 қызмет қосымша электрондық форматқа көшірілді.
«Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және сапасын арттыру мақсатында біз бүгінде мемлекеттік қызметтерді біріктіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Олар композиттік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер деп аталады. Бүгінде біз композиттік қызметтердің толық тізілімін анықтадық және қазір бүкіл Тізілімнен 25 мемлекеттік қызметті ұсынуды қарастыратын 11 композиттік қызмет іске қосылды», — деді А. Оспанов.
Консультациялық қызметтердің тағы бір арнасы – 1414 байланыс орталығы. І жартыжылдық қорытындысы бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгінулер саны 3,5 млн-ға жуықтады.
Вице-министр хабарлағандай, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында интеллектуалды консультант енгізіледі, Чат-бот арқылы 200 мыңға жуық қызмет үшін жауап берілді.