Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылдың 24 маусымындағы бұйрығымен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Оқушының ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері білім беру ұйымдарын оқушының қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды және қабылдау шарттарына сәйкес онлайн режимінде өтініш бере алады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және қағаз түрінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері көрсетілетін қызметті берушіге үлгілік ережелерге, 1-қосымшаға сәйкес құжаттар тізімін ұсынады.
Білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын баланың ата-анасынан немесе басқа заңды өкілдерінен құжаттар ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап, 1 тамызға дейін қабылданады.
Оқу мекемесіне қағаз жүзінде жүгінген кезде мектеп қызметкері құжаттарды тіркейді және бір жұмыс күні ішінде баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде қабылданатынын немесе дәлелді бас тарту туралы қолхат береді.
Бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты білім беру ұйымы ағымдағы жылдың 25 тамызынан кейін шығарады.