Антирекорд: Бір тәулікте 1500-ге жуық науқас анықталды
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап артып барады. Бір тәулік ішінде 507 адамның симптомды инфекция, 964 адамның симптомсыз науқас екені анықталған. Өсу көрсеткіші 2,9 пайызды көрсетіп тұр. Бұл – симптомды науқастар санына қатысты көрсеткіш. Жаңа науқастар аймақ бойынша төмендегідей: СҚО – 27, Қостанай облысы – 33, ШҚО – 34, Ақмола облысы – 22, Павлодар облысы – 31, Маңғыстау облысы – 15, Түркістан облысы – 19, Нұр-Сұлтан қаласы – 103, Қарағанды облысы – 32, Ақтөбе облысы – 18, БҚО – 32, Атырау облысы – 38, Алматы облысы – 10, Жамбыл облысы – 9, Шымкент қаласы – 19, Қызылорда облысы – 7, Алматы – 32. Елімізде инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 17 732 адамға жеткен. Мұның сыртында жалпы статистикаға кірмейтін 9 809 симптомсыз науқас бар.