Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны тәулік сайын артып барады. Бір күнде 428 науқас анықталып, жалпы статистикаға кірмейтін 620 симптомсыз науқас тіркелген. Демек, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1000 адамға артты.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар санының өсу көрсеткіші 2,6 пайызды құрайды», - деп мәлімдеді Ведомствоаралық комиссия.
Сонымен қатар, 19-маусым күні кешкі нәтиже бойынша коронавирустан 8 адам бақилық болған. Елдегі індет жалмаған адамдар саны 113-ке жетті.
428 науқас аймақ бойынша төмендегідей жіктеледі:
СҚО – 26,
ШҚО – 34,
Ақмола облысы – 22,
Қостанай облысы – 20,
Түркістан облысы – 36,
Қарағанды облысы – 60,
Жамбыл облысы – 19,
Нұр-Сұлтан қаласы – 79,
БҚО – 26,
Маңғыстау облысы – 10,
Алматы облысы – 11,
Шымкент қаласы – 23,
Қызылорда облысы – 7,
Алматы қаласы – 34,
Атырау облысы – 7,
Ақтөбе облысы – 2.
Осылайша елдегі коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны (симптомсыз науқастарды қоспағанда) 16 779 адамға жетті. Ал симптомсыз науқастары саны – 8 229 адам.