Сондай-ақ, тестілеу орталығында әр үміткер медициналық масканы қолданып, қашықтықты сақтап, тексерудің бес сатысынан, соның ішінде сыртқы киімдерді дезинфекциялауға арналған арнайы туннельден өтетіні айтылды.
Бір күнде стадионға кемінде 500 адам келе алады, сондықтан біз ҰБТ-ны аудиторияда өткізу қауіпсіз деп ойладық. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.
"Стадионда ҰБТ өткізу мәселесін қарастырдық. Алайда, стадионда бір сынақ күніне 500-600 адам келсе, аудиторияға 25-30 адам кіре алады. Егер біз бұл цифрларды салыстыратын болсақ, онда мұндай шараны аудиторияда өткізу қауіпсіз болады ", - деп түсіндірді Смағұлов.
"Барлық адамдар маска киеді, ғимаратқа кіргенде 2 метр қашықтықты сақтайды. Үміткерлер тексерудің 5 кезеңінен өтеді. Олардың ішінде сыртқы киімдерді дезинфекциялауға арналған арнайы туннель, одан кейін аяқ-киім дезинфекциясы, қол тазалығы және термо бақылау. Егер температура байқалса, дәрігерлер оған көмектеседі ", - деп толықтырды тестілеу орталығының басшысы.