Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі оқшауланды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавируске байланысты тест тапсырды.
Министр COVID-19 байланысты тест тапсырды. Нәтижесі теріс. Асхат Қанатұлы өзін жақсы сезінеді, алайда, бекітілген ережелерге сәйкес, ол оқшауланып, қашықтан жұмыс істейді. Сонымен қатар, белгілі бір уақыттан кейін, хаттамаға сәйкес, ол тесттерді қайта тапсырады. Жұмыс кестеге сәйкес бейнеконференция арқылы жалғасады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Бұл жағдайдан бұрын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 12 маусымда ол премьер-министр Асқар Маминмен бірге жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Делегация құрамында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та болды. Олар сондай-ақ коронавирусты тексеруден өтті, нәтиже теріс. Екеуі де оқшаулануда.