Қазақ үшін той – психологиялық фактор. Қазақтілді басылымдар ақтөбелік филолог және саясаттанушы Оралбек Өтеғұловтың ұсынысын кең талқыға салуда. Аталмыш мақалада тойға тойтарыс берудің қиын екенін, қиындық пайдаға келетіні туралы айтылған. Автордың ойынша, Қазақстандағы барлық қалаларда тоолған тойхана, әрбірінде 5-10 сағат еңбегі үшін 1500-2000 теңге алатын жастар жұмыс істейді. Тіпті, олар бұл ақшаны ыдыс сындырса көрмеуі де ықтимал.
«Мен жоғары оқу орынында жұмыс істеймін және өміріміздің шындығын айтып жүрмін. Студенттердің дені түскі уақыттан түн жарымға дейін тойхана жағалап жүреді. Жатақхана жабылған соң олар терезеден кіреді. Жастар үшін қиын. Бұл – жаңа мәселе емес. Қазақ қоғамының мәселесі бәсекеге айналған той синдромынан басталады. Ал той мәдениеті мен асабалар әрекеті бөлек әңгіме. Ал жастар несие алып той жасайды, тіпті, бұл дағдыға айналып барады», - дейді ол.
Бизнестің өте табысты түрі адамзат үшін қауіпті. Осы қатарға қазақтың той-бизнесін қосуға болады. Халықтың жылдар бойы жиғанын, несиеге алған ақшасын бірнеше сағат ішінде қағып кететін заманауи шоумендер зиянкес емес пе?!
«Сондықтан, мен қоғамды осындай зиянкестерден тазалау үшін тойға 5 жылға мораторий жариялау керек. Бұл басқа салалардың жылдам дамуына серпін береді. Тіпті, тойханалардың ғимаратын да басқа мақсатта пайдалануға болады. Өйткені, біз анау асабаның қолында тұрған микрофонды өндіре алмаймыз ғой. Барлығы – шет ел өнімі. Біздің той тойлау не теңіміз?» - деді автор.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі той өткізу форматын қайта қарауға көңіл бөлді. Біздің той өткізу форматымыз өте ескі. Көптеген жастар ақшаның жоқтығынан шаңырақ көтере алмай отыр. Қанша жастар тойсыз-ақ бақытты өмір сүріп отыр. Тіпті, батыстағы миллиардерлерді ңөзі тойын 15-20 адаммен әдемі өткізеді. Олар бай болса да бізге қарағанда қарапайым.