Асқар Мамин Көлік кеңесінің отырысын өткізді.
Көлік кеңесінің отырысында жолаушылар вагонын шығару бойынша жобаларды іске асыруға, теміржол инфрақұрылымын дамытуға, жалпы Қазақстанның транзиттік және көліктік әлеуетіне қатысты мәселелер қаралды.
Үкімет басшысы автожол саласында ағымдағы жылға жоспарланған ірі сапалы инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы және сапалы аяқтауды, автомобиль жолдарына ақылы жолдарды жедел түрде енгізуді тапсырды.
"Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін одан әрі дамыту және оның дүниежүзілік контейнерлік көлік нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін күш-жігерді жандандыру қажет ", - деді Асқар Мамин.
Атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту, тарифтік саясатты оңтайландыру, инфрақұрылымды модернизациялау, контейнерлік қызмет көрсету көлемін арттыру, соның ішінде контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыру арқылы Қазақстанның теміржол транзиттік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау жоспарлануда.
Отырысқа қатысушылар сонымен қатар қалалық жолаушылар тасымалын дамыту бойынша шаралар кешенін, ЕАЭО-да көлікте навигациялық пломбаларды қолдану және басқа да мәселелерді қарады.