Қазір көпшілік телефон арқылы сөйлескен кезде «тыңдалатын сияқты» деген күдікке бой алдырған. TelecomDaily ақпараттық-сараптамалық агенттігінің басшысы Денис Кусков ұялы телефонның тыңдалатынын қалай анықтауға болатынын айтты.
Сарапшының айтуынша, тыңдайтын құрылғының жұмыс істеп тұрғанын оңай аңғару мүмкін емес. Өйткені, бұл әрекетті жүзеге асыру үшін қымбат тұратын құрылғылар пайдаланылады.
Дегенмен, телефон арқылы жазылған әңгіменің тыңдалатынын анықтауға болатын бірнеше әдіс-тәсіл бар.
Біріншісі – сіздің ұялы телефоныңзда бұрын-соңды орнатылмаған қосымшалардың пайда болуы. Сондықтан, ұялы байланыс құралын әрдайым тексеріп отыру керек.
«Бұдан бөлек, егер сіздің телефоныңыз өздігінен өшіп-жанып, жай тұрған күнде де қызатын болса, онда сіздің ырқыңыздан тысқары бір қосымша жұмыс істеп тұруы мүмкін. Бұл қосымша әңгімені тыңдауға қауқарлы болуы ықтимал екенін оққа шығармаймыз», - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, телефон қуаты жылдам азаятын болса да күдіктенуге болады.
«Қосымшалардың жұмысын бақылап тұратын арнайы қосымшалар бар. Оларды жүктеп алу артық етпейді. Егер қиындықтар туып жатса сервис-орталықтарға барғаныңыз жөн», - дейді Кусков.