Жәбірленушінің ағасының айтуынша, 17 жасар Абзалды Маятас шағын ауданында өлімші етіп ұрған. Туыстарының әңгімелеріне сәйкес, 22 мамырға қараған түні жігіт екі досының үйіне кеткен.
Көшеде олар бұрыннан дауласқан бір топ жігіттерді кездестіреді. Жаппай төбелес басталып, екі адам жарақат алған. Бірақ Абзал есін жимады. Басқа тиген қатты соққы салдарынан мидың ауыр жарақаты тіркелді.