ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) қашан бастайтынын айтты.
Егер талапкерлерден тыйым салынған құралдар табылса, ҰБТ баллы есепке алынбайды.
"Биыл ҰБТ форматы өзгерген жоқ, ол бес пән бойынша қағаз түрінде өткізіледі, барлығы 120 тест тапсырмасы, максималды балл саны - 140" - , деді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, биыл 131 мың түлек ҰБТ тапсыруға ниет білдірді.
ҰБТ уақыты - 20 маусым мен 5 шілде аралығында, ҰБТ қатаң санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге сәйкес өткізіледі. Вирустың таралу қаупін азайту үшін бес дезинфекция шарасы қабылданатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогикалық мамандықтар бойынша минималды балл көбеймек.