Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап артып, қарқын алып келе жатқан. Өткен тәулікте бұл көрсеткіш біршама қысқарыпты. Бір күн ішінде елімізде 263 адамның инфекция жұқтырғаны анықталып, өсу көрсеткіші 2,3 пайызға дейін төмендеді.
Науқастар аймақ бойынша төмендегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 59,
Алматы қаласы – 29,
БҚО – 27,
Қарағанды облысы – 24,
Маңғыстау облысы – 19,
Шымкент қаласы – 18,
Қызылорда облысы – 16,
Алматы облысы – 15,
Атырау облысы – 14,
Жамбыл облысы – 13,
Павлодар облысы – 11,
ШҚО – 7,
Ақтөбе облысы – 6,
Түркістан облысы – 5.
Сонымен қатар, бір тәулік ішінде 183 адам науқасынан айығып, ауруханадан шығарылған. Елдегі инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 11 571 адамға жетті, оның ішінде 5 587 адам жазылған. Өкінішке орай, 41 адам қаза тапты.