Полиция қызметкерлерінің халық жағына шығуы көпті таң қылдырып жатады. Мичиган штатының Джиннеси округінің шерифі Крис Свонсон бейбіт митингіге қатысты.
«Біз сіздермен бірге болғымыз келеді. Мен формамды шештім, әріптестерім қаруымды алып қойды. Мен бейбіт шеруге қатысқым келеді, бассыздыққа жол жоқ», - деді Свонсон.
Осылайша шериф Флинт Тауншип тұрғындарымен бірге афроамерикалықтарға полиция тарапынан көрсетілетін қысымға қарсы шеруге қатысты.
«Біз өз талабымызды айттық. Ешкім ұсталмады, ешкім зардап шекпеді. Бәрі осылай болуы тиіс», - деді шериф.
АҚШ-тың басқа қалаларында афроамерикалық Флойд полиция қолынан қаза тапты деп қақтығыстарға орын алуда.