22 шілдеде елордалық ЖОО-да білім гранттарын орналастыру бойынша конкурс басталады
НҰР-СҰЛТАН. BAIRAQ.KZ -Астана әкімдігі 2019 жылға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына үміткер жоғары оқу орындарына келесі құжаттарды тапсыру қажет:: 1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖОО-ның өтінімі; ; 2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ЖОО сауалнамасы; 3) 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар;; 4) 4-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орнының ақпараттық картасы. Комиссия кешігу себептеріне қарамастан, беру мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен конкурстық өтінімді қарамайды. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 22-26 шілде аралығында қоса алғандағы мерзімде Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының кеңсесіне тапсыру қажет.