Қазақстан аумағында 14 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер ішкі рейстерде тегін жүре алады. Бұл туралы бүгін Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді.
Бұл жеңілдікті бір отбасыдан төрт балаға дейін қолдана алады. Қазір жолаушы өзімен бірге бір баланы ғана тегін алып жүре алады. Оның өзі – сәби болуы тиіс. 12 жасқа дейінгі балаларға арнайы билет алынатын. Оның құны әуе компаниясының тарифіне байланысты. Ал 12 жастан асқандар ересек адам санатына қосылып, толық билет талап етіледі.
2025 жылға қарай үш миллионнан астам шетелдік, сегіз миллионға таяу қазақстандық туристерді қабылдау күтілуде. Бұл жеңілдік туризмді дамыту жолындағы ерекше акция.