Алматы қаласында «Транстелеком» АҚ-ның экс-басшысы 1990 жылдары қылмыс әлемінде аты әйгілі болған Несіпбай Нәсеновтың (Рыжий Алмаз) бауыры Асқар Нәсенов біреудің мүлкін жеке мүддесіне пайдаланғаны үшін сотты болды.
Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Нәсеновтың тарапына қатысты сот үкімі 27-мамыр күні шыққан. Оны «Сеніп тапсырылған өзге тұлғаның мүлкін аса ірі көлемде өз мүддесіне пайдаланғаны үшін» айыптаған.
«Нәсенов бұдан бұрын ЖШС КТ&Т компаниясымен келісім жасау арқылы заңсыз жолмен мемлеғкеттік бюджеттен 2,1 миллиард теңге қаражатты игеріп алғаны үшін күдікке ілінген. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен Асқар Нәсенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, мерзімін өтегеннен кейін үш жыл бойы материалдық жауапкершілік алатын қызмет жасау құқығынан айырылды», - деп жазылған мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, 2013 жылы «Транстелеком» акционерлік қоғамының экс-басшысы Асқар Нәсеновке іздеу жарияланған еді.