Жапония үкіметі шетелдіктерді елге тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеп, саяхаттап келген туристерге тәулігіне 185 доллар төлеуге шешім шығарды.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 1,35 триллион иен (12,5 миллиард доллар) қаражат қарастырылған. Бұл субсидия туристердің Жапониядағы саяхатының шығынының жартысын жауып беруге қауқарлы. Жапонияға бару шығынын турист өзі төлегенімен, берілетін қаражатты дүкендерде, мейрамханаларда жұмсауға әбден болады.
Бастаманы шілде айының соңына қарай жүзеге асыру жоспарланып отыр. Субсидияны алу үшін жапониялық туристік агенттіктермен байланыста болу керек.