Вирусолог Надежда Жолобак сұхбатында коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда ішуге қатаң тыйым салынған дәрі-дәрмектерді атады.
Бұл дәрілердің қатарында күнделікті адамдар жиі қабылдайтын препараттар кіреді: ибупрофен, аспирин, вольтарен, диклофенак және напроксен. Дәрігердің айтуынша, Франция мен Италияның тәжірибесі көрсеткендей, аталған дәрілер ағзаның вирусқа қарсы күресу қабілетін азайта түседі екен.
Оның айтуынша, аталған дәрілер коронавирустың көбеюіне қолайлы орта жасап береді. Ал бұл нәрсе өкпенің қабынуы мен пневмонияның асқынуына алып келмек.
Дәрігер коронавирус инфекциясы кезінде парацетамолды пайдалануға болатынын айтады. Дегенмен, инфекцияға қарсы қандай дәрінің әсері қаншалықты оң немесе теріс болатыны әлі түгел зерттелмегендіктен, жауапкершілікті ұмытпау керек.
Ол азаматтарға дене қызуы көтерілген жағдайда дереу дәрігерлердің көмегіне жүгіну керектігін айтады. Дәрі-дәрмекті тек дәрігердің тағайындауымен ғана қолдану керек.