Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың саны 8 мыңнан асты. Дәл қазір еліміздегі науқастардың нақты саны – 8 322 адам.
Сондай-ақ, індеттен айығып шыққандар саны 4 214 адамға жетсе, қайтыс болғандар саны – 35 адам.
Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайдың тұрақтала бастағанын айтып, көпшіліктің көңілін орнықтырып еді.
Ал бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова елдегі өлім көрсеткішінің төменгі жағдайда тұрғанына қатаң тәртіп пен тексеру себеп болғанан айтады.