Қазақстанда бір тәулік ішінде 311 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталып отыр. Бұл туралы жедел штаб қызметкерлері мәлімдеді. Бұл – эпидемия басталғалы тіркелген ең үлкен өсім.
Атырау облысында бір тәулік ішінде 142 адамның вирус жұқтырғаны анықталған. Алматыда 24, елордада 36, Шымкентте 31 адамның науқас екені белгілі болды.
Қостанай облысы – 19,
Түркістан облысы – 18,
Қарағанды облысы -13,
Ақмола облысы – 8,
БҚО – 6,
Қызылорда облысы – 4,
Алматы облысы – 3,
Жамбыл облысы – 3,
Павлодар облысы – 2,
СҚО – 1,
Маңғыстау облысы – 1.
Қазіргі уақыттағы көрсеткіш бойынша, елімізде 6 751 адам коронавирус жұқтырып, 3 469 адам жазылып шыққан. 35 адам қаза тапты.