Сарапшылардың пікірінше, 2026 жылы әлемдегі алғашқы триллионер атағы Джефф Безосқа бұйыруы мүмкін.
Amazon платформасының негізін қалаушы америкалық Джефф Безостың жағдайы бірнеше жылдан соң триллион долларға жетуі ықтимал.
Ғаламшардың ең бай адамы ажырасқан соң және пандемия кесірінен 38 миллиард доллар жоғалтқан. Дегенмен, ол үшін бұл аса бас ауыртатын қаражат емес екен. Өйткені, оның жалпы табысы жыл сайын 34 пайызға өсіп келеді.
Қазір Безостың жағдайы 143 миллиард долларға бағаланады. Сарапшылардың ойынша, 2026 жылы Безос әлемнің алғашқы триллионері болуы мүмкін.
Америкалық кәсіпкерден бір жылдан кейін қытайлық Сюй Цзянь триллионер атағы алуы тиіс.