Еліміздегі тіл төңірегіндегі мәселе қаншама жылдан бері күн тәртібінен түспей келеді. Qazaquni.kz порталы Конституцияға мемлекеттік тіл туралы заң енгізуді және жетінші баптағы екінші тармақтың күшін жоюды талап ету мақсатында петиция жариялап, қол жинауда. Басылымның айтуынша, белгілі журналист және қоғам белсендісі Максим Рожин қазақ тілін қолдап, 115 мың азаматтың 112 057-ші болып петицияға қол қойған.
«Рогожинаның бастамасы орыс және неміс диаспораларының өкілдері қолдады. Мысалы, Қызылорда және Түркістан облыстарының әкім аппаратының қызметкерлері Светлана Крюгер мен Татьяна Иванова қол қойды», - деп жазады басылым.
Сондай-ақ, қол қойғандар ішінде Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің философия және психология факультетінің бірінші курс студенті Анастасия Пархоменко да петицияға қол қойыпты.
Басылым тілдік мәселені шешуді көздейтін петицияға қол қойған барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.