Қытайдың Ухань қаласында ұзақ уақыт үзілістен кейін коронавирус науқаны қайта басталды. Бұл қалада бір тәулік ішінде 5 адамның инфекция жұқтырғаны анықталған. Барлық бес науқас инфекция тасымалдаушы болып есептелгенімен, ауру симптомдары байқалмаған. Қытайлық дәрігерлер бұл типтегі науқастарды статистикаға қоспаған. Тек бақылауда ұстап отырады екен.
Тәулік ішінде анықталған симптомсыз науқастардың жалпы саны – 11 адам. Ал дәрігерлер бақылауында 615 адам бар. 4-сәуірден кейін Уханьда науқастар анықталмаған. 18-сәуір күні қала коронавирус құрығынан босады деген ақпарат тарады. Ал 26-сәуір күні ауруханадан инфекция жұқтырған соңғы науқас айығып шыққан.
Пандемия басталғалы Ухань қаласында 50 39 адам ауырып, 4 512 адам өмірмен қош айтысқан.