Өзбекстанда су бөгетінің жарылып кетуіне байланысты орын алған апаттан кейін Түркістан облысында азаматтарды эвакуациялап жатыр.
«Мақтаарал ауданының шекарасындақауқары 120м3/с су өткізе алатын бөгет 180 м3/с суды көтере алмай апатқа ұшырады. Салдарынан Жаңа жол ауылдық округін, Жеңіс елді-мекенін және Жаңа Тұрмыс елді-мекенін су басу қаупі туды», - деп жазылды хабарламада.
1-мамыр күні сағат 5:10 шамасында бөгет жарылып, Өзбекстанның Сырдария облысы, Сардоба ауданына қарасты Кургантеп ауылын су басып қалды.
Бөгет жарылған кезде су қоймасындағы судың мөлшерін азайту үшін қосымша каналдар іске қосылған.
«Мақтаарал ауданының әкімдігі Жантақсай ауылында жедел штаб құрып, Жаңа Жол, Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Еңбекші ауылдарының халқын эвакуациялауға кірісті. Жеңіс елді-мекенінде 288 үй, 1922 адам бар, оның ішінде 568 ер адам, 546 әйел, 808 бала бар. Жаңа Тұрмыс елді-мекенінде 47 үй, 321 адам бар, оның ішінде 169 ер адам, 152 әйел және 132 бала», - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, азаматтарды қажет болған жағдайда эвакуациялау үшін Мырзакент ауылында 2 200 адамға лайықталған орындар дайындалған.