Жедел әрекет ету штабы 13-наурыз бен 1-мамыр аралығында коронавирус тестін тапсырған қазақстандықтардың санын айтты.
Аталған мерзім аралығында коронавирус тесті 268 534 рет тапсырылған. Бүгінгі тәулік бойынша 19 007 адам сынақтан өтіпті.
Тест тапсырғандардың басым бөлігі Алматы қаласында – 44 065 адам. Нұр-Сұлтанда 37 773 адам. Қарағандыда өз денсаулығын 18 833 адам тексертсе, Павлодарда 16 254, Ақмола облысында 14 463 адам сынақтан өткен.
Айта кету керек, қазақстандықта ұшаққа отырмастан бұрын коронавирус тестін тапсыруға міндеттелген. Әзірге Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшақтар қатынауда.
Елімізде инфекция жұқтырғандар саны 3551 адамға жетті. Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан – 650;
- Алматы – 1140;
- Шымкент – 201;
- Ақмола облысы – 99;
- Ақтөбе облысы – 109;
- Алматы облысы – 142;
- Атырау облысы – 140;
- ШҚО – 23;
- Жамбыл облысы – 136;
- БҚО – 152;
- Қарағанды облысы – 151;
- Қостанай облысы – 50;
- Қызылорда облысы – 204;
- Маңғыстау облысы – 55;
- Павлодар облысы – 142;
- СҚО – 30;
- Түркістан облысы – 127.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 866-сы толық жазылып шықса, 25 адам қайтыс болған.