АҚШ барлаушылары Қытайдың Ухань қаласында тексеру жүргізіп жатқаны туралы мәлімет тараған. Бүгін барлаушылар инфекцияның қолдан жасалмағанын мойындады. Бұл туралы АҚШ-тың ұлттық барлау директоры мәлімдеді.
Мәлімдеме кеше, яғни, 30-сәуір күні жарияланған.
«АҚШ барлау қауымдастығы тексеру жұмыстарынан кейін ғалымдардың инфекция қолдан жасалмағаны туралы тұжырымына қосылады», - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, барлаушылар алдағы уақытта инфекцияның жануарлармен байланыс арқылы немесе Уханьдағы зертханада болған келеңсіз жағдайдан кейін тарағаны туралы ақпараттарды тексеріп, қорытынды жасамақ.