Төтенше жағдайды қамтамасыз ететін мемлекеттік комиссия барлық аймақтарда төртінші мамырдан бастап жұмысқа кірісуге рұқсат берілетін компаниялар тізімін көрсетті. Отырыста шешім қабылдау үшін аймақ әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігінің ерекше рұқсаты алынғаны айтылды.
Барлық аймақтарда келесі кәсіптерге жұмысқа кірісуге рұқсат етіледі:
- аумағы 500 шаршы метрден аспайтын дүкендер 17:00-ге дейін;
- фотосалондар, гүл киоскілері;
- шаштараздар;
- медициналық орталықтар;
- тіс емханалары;
- жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
- микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, ақша айырбастау пункттері;
- ақпараттық-технологиялық компаниялар.
Көшеде спортпен шұғылдануға және жаттығу жасауға рұқсат беріледі.
Сондай-ақ, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге, Семейге қатынайтын әуе рейстері қалпына келтіріледі. Ұшақ ішінде жолаушылар санының аз болуы мен арақашықтық сақтауы қатаң қадағаланады.
Аймақ әкімдіктеріне жұмыс істеуге рұқсат берілген нысандардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қатаң бақылау тапсырылды.
Біршама уақыт бұрын Алматыдағы сұлулық салондарының жұмысы қайта басталатыны туралы ақпаратты әкімдік жоққа шығарған еді.