Алматы қаласы америкалық сотта бұрынғы әкім Виктор Храпуновтан жеңіліп қалды.
«Қазақстанның ірі қаласы – Алматы экс-әкім Виктор Храпуновты миллион долларды жымқырды деп айыптаған еді. Дегенмен, Алматы қаласының нақты деректері мен фактілері аз болғандықтан, олардың арызы қанағаттандырылмады.», - деп жазылған хабарламада.
2018 жылы 8-қазанда Алматы қаласының бұрынғы әкімі Храпунов 17 жылға, оның жары Лейла Храпунова 14 жылға сотталды. Сот шешімі айыпталушылардың қатысуынсыз шыққан. Қазан айында Калифорния соты Алматы қаласының шағымын қабылдамай қойды. 16-қазан күні Қазақстан тарапы Храпунов ісі бойынша АҚШ сотымен келіспейтіні мәлім болды.
Храпуновтың үстінен қылмыстық іс 2011 жылдың 22-қарашасында қозғалды. Сот оны экономикалық қылмыс жасады, жемқорлыққа қатысы бар деп айыптаған. Нәтижесінде, халықаралық іздеу жарияланып, сот оны қамауға шешім шығарды. Сондай-ақ, оның ұлы Ильяс Храпунов та қылмыстық топ құрып, заңсыз әрекетке барғаны үшін, заңсыз ақшаларды сіңірумен айналысқаны үшін кінәлі деп табылды.
Қазір Храпунов отбасымен бірге Швейцарияда, Женева қаласының маңында тұрып жатыр.