Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлерінің ауыр қызметінің видеосын жариялап, халықты өз денсаулығына сақ болуға шақырды.
«Майданның алдыңғы шебі. Негізгі ауыртпалық медицина қызметкерлерінің мойнында. Дәрігерлер — бейбіт күннің батырлары. Қолдаймыз. Мақтан тұтамыз. Біз сіздермен біргеміз», - деп жазды ол.
Видеода науқастардың дәрігерлерге бағынбай, қысым көрсеткені, ақырында медицина қызметкерінің инфекция жұқтырғаны көрініс береді.