Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының базасында алғаш рет кеуде қолқасына стент-графт имплантациялау бойынша жоғары технологиялық және гибридті ота 1953 жылы туған науқасқа жасалды.
Науқас атеросклероз, кеуде қолқасының төмендеу аневризмасы және жүректің ишемиялық ауруы диагнозымен АККА жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөліміне келіп түсті.
Дәрігер кардиохирург және АККА кардиоорталығының директоры Сергей Мұсаев науқасқа толық диагностикасын жүргізіп, әріптестерімен бірлесіп кеуде қолқасына стент-графт жүргізу туралы шешім қабылдады. Мұндай емдеу науқастың қандай да бір себептермен хирургиялық ота жасауға қарсы көрсеткіштер болған кезде қолданылады. Алматы облысында мұндай ота алғаш рет жүргізілуде.
Айта кетейік, стент-графт бұл металл жақтаумен жабылған полиэфирлі түтік. Ол зақымдалған тамырдың айналасындағы тіндерге хирургиялық әсер етпестен аневризмаға орнатылады. Стент-графт аневризманың жарылуын болдырмай, әлсіреген тамыр қабырғасын нығайту үшін қолданылады.
«Кеуде қолқасының ұлғаюы әдетте аневризманы көрсетеді. Кеуде аортасының аневризмаларының көпшілігі қандай да бір белгілерсіз өтуі мүмкін, дегенмен кейбір науқастарда кеуде немесе арқа ауруы байқалады; диссекция, іргелес құрылымдардың қысылуы, тромбоэмболия сияқты белгілер аурудың асқынған түрін көрсетеді. Дәрігерлер диагнозды КТ ангиографиясы арқылы қойып, стент-графт орнаттық», – дейді Сергей Мұсаев.
Бірнеше жыл бұрын мұндай оталар ашық әдіспен жасалып, келген науқастың оңалу процессі ауыр өтетін. Одан бөлек, отадан кейін асқыну, әлсіздік және бірнеше айлық оңалу байқалатын.
«Қазіргі уақытта біз жаңа технологияларды енгізіп жатырмыз. Бұл гибридті операциялар кардиохирургтармен, қан тамырлары хирургтарымен және эндоваскулярлық хирургтармен бірге жасалады. Осылайша, біз отадан кейін орын алатын асқынулардың қаупін азайтамыз», – деп бөлісті Сергей Мұсаев.