Белгілі қазақстандық заңгер Джохар Утебеков Төтенше жағдай кезінде мемлекет тарапынан тағайындалатын 42 500 теңгені қайтарудың және осы мәселеден қорқудың қажеті шамалы екенін айтады.
«Мен сіздерді сабырға шақырайын. Ешкім 42 500 теңгені қайтармай-ақ қойсын және қорықпасын», - деп жазды Утебеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол Төтенше жағдай режимі кезінде табыс көзінен айырылған азаматтарға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы бойынша түсіндірді.
«42 500 теңгені сұрамадың ба? Мемлекет тарапынан тағайындалғаны туралы хабарлама келді ме? Онда егер сіз бұл жәрдемақыға мұқтаж болмасаңыз да, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайсыз. Өйткені, сіз ол ақшаны сұраған жоқсыз, өздері ұсынып отыр. сот арқылы ақшаны өндіріп ала алмайды. Егер сіз ақшаны негізсіз алсаңыз да, Азаматтық Кодекстің 960-бабының 3-тармағына сәйкес негізсіз төлемді қайтаруға міндетті емессіз», - деді заңгер.
Оның айтуынша, өтінішті жұмыс беруші жіберген болса да сіз қайтармауға толық құқылысыз. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық негіздегі келісім-шарт өкілдеріне де осы принцип қатысты екен.
«Сіз жеке кәсіпкерсіз бе? 16-наурызға дейін өтініш беріп қойдыңыз ба? Ештеңе етпейді. Наурыз айында табысын жоғалтпаған жеке кәсіпкерлік бар ма? Тіпті, уақытты шектеудің өзі сізге зиянын тигізеді ғой. Ал мүлде жұмыс істемеген азаматтар бір реттік жинақ төлемін жасаса жеткілікті. Бәрі заңды», - деді Утебеков.
Оның айтуынша, табысын жоғалтпаған және жәрдемақыға өзі өтініш берген қызметкерлерге біршама қиындықтар туындауы ықтимал. Бірақ қорқудың қажеті жоқ екен.