Хакерлер Zoom қосымшасының барлық қолданушылары туралы ақпаратты (Жарты миллион қолданушының) Даркнетке сала бастады.
Киберқауіпсіздікпен айналысатын Cyble компаниясының мәліметіне сүйенсек, 1-сәуірден бастап хакерлер қолданушылардың электронды поштасы мен құпия сөздерін жария ете бастаған.
Алғашқы тегін аккаунттар Вермонта, Колорадо, Флорида, Дартмут университеттерінің студенттері мен мұғалімдеріне тиесілі.
Bleeping Computer компаниясының мамандары көрсетілген құпия сөздер бойынша аккаунтқа кіріп тексермек болған. Барлығы жұмыс істеп тұр екен. Тек кейбір қолданушылар ғана құпия сөзді ауыстырып қойыпты.
Хакерлер бірқатар аккаунттарды сата бастаған. Cyble компаниясы өз қызметтерінің, банк қызметкерлерінің, студенттер мен оқытушылардың 530 000 аккаунтын бір пенс шамасындағы бағамен сатып алған. 0,0020 доллар немесе 0,85 теңге.