Елордадағы бірінші интенсивтік аурхананың дәрігерлерінің әйелдері Мемлекет басшысы мен Денсаулық сауқтау министріне хат жазды.
«Төзім түгесіліп барады
Қалалық аурухана темір жол ауруханасының жабылуына байланысты қаланың бірнеше ауданына қызмет көрсетуде. Барлық науқастар сонда келеді. Біздің күйеулеріміз өз денсаулығын бәйгеге тігіп жүр. Адамның ауру екені маңдайында жазылып тұрмайды ғой.
Қазір қалалық ауруханадағы дәрігерлердің де инфекция жұқтырып жатқанын білесіздер. Неге біздің жарымыз Министрдің сөзі үшін өздерінің өмірін қатерге тігу керек, неге олардың отбасы қиындық көруі керек?
Ал анестезиолог-реаниматологтардың жалақысы күніне бірнеше адамның өмірін құтқарып жатқан маманның жалақысына ұқсамайды. Осы ауруханадан бір дәрігердің инфекция жұқтырғаны анықталып, оны туберкулезге қарсы күрес диспансеріне жіберді. Ол өзінің мамандығымен байланысты денсаулығын құртып отыр. Көмек ала алды ма?
Дәрігерлер құқығын қорғауы тиіс «Сенім» кәсіподағы неге құрылды. Олар неге үнсіз? Профлатология институттары не үшін құрылды? Дәрігерлерге бөлінген қаражат қайда кетті?» - делінген хатта.
Сондай-ақ, дәрігерлер отбасы Денсаулық сақтау министрлігінен аурухана басшыларының қызметкерлері үшін жауапты екенін түсіндіруді сұрады.
Кеше ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аймақтардағы ауруханалардың қауіпсіздік талаптарын сақтау тәртібін тексеретінін айтқан-ды.