Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында қазақстандық медицинаның, білім беру және ғылымның ақсап тұрғанын ашық айтты. Оның айтуынша, аталған салаларда шұғыл реформа жүргізу керек.
«Кемшіліктеріміз көзге ұрып тұр. Білім және ғылым министрлігі телевизия арқылы сабақ беруге көшті, күлкілі жағдай. Е-gov-тың халі анау. Карантиннен кейін біз осы жағдайлардан сабақ алып, сараптама жұмыстарын жүргізуіміз керек. Бастысы – цифрлы мемлекет болу үшін ІТ саласын қажетті деңгейге дейн көтеру қажет. Келесі жыл мемлекетті цифрландыру жұмысына жұмсалады», - деді Президент.
Жұмысқа көңілі толмаған мемлекет басшысы «Цифрлы Қазақстан» мемлекетті бағдарламасының олқылықтарының орынын толтыруды міндеттеді. Сондай-ақ, қосымша жұмыстарға артық қаражат бөлінбейді.
Карантин аяқталған соң денсаулық сақтау саласын да басты назарға алу керектігін айтқан мемлекет басшысы алдағы кризиске дайындықты бүгіннен бастау керек екенін еске салды.
«Біз денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларында шұғыл реформа жүргізуіміз керек. Дағдарыстың барлық былықты ашып беретін жақсы қасиеті бар. Біз осыны пайдалануымыз керек», - деп түйді Тоқаев.