Англия соты жалпы құны 100 миллион доллар тұратын Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұралы Алиевтің меншігіндегі Лондондағы пәтерлерге қатысты шешім шығарды. Сот британиялық құқық қорғау органдарының таққан айыбы негізсіз деп шешті.
Дариға Назарбаева, Нұралы Алиев және оның әйелі Аида сот алдында жылжымайтын мүлік өз ақшаларына алынғанын дәлелдеді. Қаражатты Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі Рахат Алиевке еш қатысы жоқ-мыс.
«NCA менің түсініктемелеріме құлақ аспай, менің тарапыма, менің отбасымның бағытына, менің елімнің бағытына өтірік жала жабуын тоқтатпады», - деді Алиев.
Ал Дариға Назарбаев сот шешімі өзіне тағылған күдік пен айыпты жоққа шығаратынына сенімді. Дегенмен NCA сот шешіміне наразылық танытып отыр.
«Біз бұл жылжымайтын мүлікті бұғаттаудан шығару шешімімен келіспейміз және апелляцияға береміз. Біз өз ісімізді білеміз. Біз әрқашан заң аясында және күдік тудырған материалдар бойынша жұмыс істеп келеміз», - деді NCA жетекшілерінің бірі Грэм Биггар.
Еске сала кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын Англияның ең қымбат көшелерінің бірі Бишопс-авенюде орналасқан (жерасты бассейні мен кинотеатры бар) жекежай, атақты аудандардың бірі Хайгейтте орналасқан тағы бір жекежай және Челсидегі үлкен пәтер британиялық құқық қорғау органдарының шағымымнан кейін бұғатталған-ды.
Егер «отандастарымыз» пәтер сатып алуға жұмсалған қаражаттың заңды екенін дәлелдемегенде жылжымайтын мүлік сатылып, одан түскен барлық қаражат британиялық қазынаға құйылатын еді.