«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Арызға сәйкес, келген алдын ала залал - 1,5 млрд теңгеден астам.
Тергеу процесі прокурорлар тобының басшылығымен жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.