Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш коронавирус Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейінгі ең ауыр әлемдік кризистің себепкері болып отқаны туралы мәлімдеді.
Бас хатшының айтуынша, инфекция тек адам денсаулығына ғана зардап тигізіп қоймай, залалы бірнеше жылға созылатын экономикалық дағдарысқа алып келмек.
«Бұл – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін болғалы отырған ең ауыр экономикалық дағдарыс», - деді Гутерреш.
Бас хатышының ойынша, коронавирустан кейін сенім, геостратегиялық қауіп-қатер, цифрлы әлемнің көлеңкелі жақтары көріне бастамақ. Қазір әлемде инфекция жұқтырғандар саны 855 мың адамнан асты.