ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-ның мерзімі коронавирустың таралуына қатысты басқа шаралар сияқты кейінге шегерілмейтінін жеткізді.
«ҰБТ мәселесі туралы айтар болсақ, біздегі график бойынша ҰБТ жыл сайын маусым айының соңында өтеді. Қазір оның мерзімін ұзарту қажеттілігі жоқ», - деді министр.
Нақты шешім мамыр айында елдегі эпидемиологиялық ситуацияның деңгейіне қарай қабылданбақ.