Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн-сабақтар жүргізілетін платформалардың барлығы тегін болатынын мәлімдеді.
«Интернет-ресурстарға кіру тегін болады. Бұл мобильді операторларға да, Қазақтелекомға да қатысты», - деді «Қашықтан оқытудың жаңа форматы туралы» онлайн-брифингте.
Білім беру сайттарына кіру барысында қолданушының тарифінен мегабайттар алынбайды.