Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов үйқамаққа алынды.
28-наурыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі күдікті ретінде Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовты үйқамаққа алғаны туралы мәлімдеме жасады. Ол өте қомақты қаражатқа алаяқты жасады деп айыпталуда.
Үйқамақ мерзімі – екі ай, 26-мамырға дейін
Бұйрық әлі заңды күшіне енген жоқ. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қуанышбек Ысқақовты орнынан алып, облыс әкімі ретінде Гүлшара Әбдіқалықованы тағайындады.